08.02.2026 11:42
Рэшфорд «Барселонада» қалады
08.02.2026 11:42
«Барселона» Маркус Рэшфордты «Манчестер Юнайтедтен» толықтай сатып алмақ

Каталонияның клубы 28 жастағы ағылшын шабуылшысын маусым соңына дейін жалға алған еді. Сондай-ақ келісімшартта 30 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.
Diario Sport хабарлауынша, «блауграна» сол мүмкіндікті іске қосу туралы нақты шешімге келді. Клуб басшылығы мен бапкерлер штабы Маркусқа дән риза екен.
Рэшфорд «Барселона» сапында 33 матчта 10 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.