21.09.2025 23:11
Рэшфорд негізгі құрамнан шет қалды
21.09.2025 23:11
«Барселона» шабуылшысы Маркус Рэшфорд Ла Лиганың 5-туры аясындағы «Хетафеге» қарсы ойынды қосалқы құрамнан бастайды
Каталониялық клубтың бас бапкері Ханси Флик англиялық шабуылшыны жаттығуға кешіккені үшін бастапқы құрамнан шеттетіп тастапты.
Негізінде Рэшфорд матчты алғашқы минуттан бастау керек болған екен. Енді оның орнын Ферран Торрес басты.
Еске салсақ, өткен турда Рафинья да дәл осындай себеппен «Валенсияға» (6:0) қарсы ойында қосалқы құрамда қалған еді.