28.08.2025 15:03
«Рейнджерс» 62 жыл бұрынғы антирекордын қайталады
28.08.2025 15:03
UEFA Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңінің финалындағы қарымта кездесуде шотландиялық «Рейнджерс» Бельгияның «Брюггесіне» ойсырай жеңілді
Брюгге қаласында өткен кездесуде 6:0 есебі тіркелді.
«Қонжықтардың» сырт алаңында мұндай ірі есеппен жеңілмегеніне 62 жылдың жүзі болыпты. Соңғы рет клуб 1963 жылдың қазан айында Еуропа чемпиондары кубогы турнирі аясында дәл осындай нәтижемен мадридтік «Реалға» есе жіберген.
Айта кетейік, Глазгоның ұжымы қос кездесудің қорытындысы бойынша «Брюггеге» 1:9 есебімен жол беріп, Чемпиондар лигасынан шет қалды.