28.08.2025 09:49
Чемпиондар лигасының барлық қатысушысы белгілі болды
28.08.2025 09:49
Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аяқталып, 2025/26 жылғы маусымға қатысатын барлық клуб жасақталды
Енді Бүгін, 28 тамыз, Қазақстан уақытымен 21:00-де жеребе тарту рәсімі басталады.
Бірінші қоржын: «ПСЖ», «Реал», «Манчестер Сити», «Бавария», «Ливерпуль», «Интер», «Челси», «Боруссия Д», «Барселона».
Екінші қоржын: «Арсенал», «Байер», «Атлетико», «Бенфика», «Аталанта», «Вильярреал», «Ювентус», «Айнтрахт Ф», «Брюгге».
Үшінші қоржын: «Тоттенхэм», «ПСВ», «Аякс», «Наполи», «Спортинг», «Олимпиакос», «Славия» (Прага), «Буде/Глимт», «Марсель».
Төртінші қоржын: «Копенгаген», «Монако», «Галатасарай», «Юнион», «Атлетик», «Ньюкасл», «Пафос», «Қайрат».
Алматылықтарға әр қоржыннан екі клубтан түседі және соның біреуін міндетті түрде өз алаңында қабылдайды.
Сондай-ақ бір елдің клубтары бір-бірімен ойнай алмайды және бір қауымдастықтан екі клубтан артық түспейді.
Жалпы «Қайрат» ЧЛ осы маусымында кемі сегіз матч өткізеді. Оның төртеуі өз алаңында, ал қалған төртеуі түзде болады.
Естеріңізге сала кетсек, 1/8 финалға тікелей үздік сегіз клуб шығады. Ал 9-24-орын аралығында командалар қосымша екі матч өткізіп, 1/8 финал жолдамасын сарапқа салады. Ал 25-36-орынға тұрақтағандар үшін маусым бірден аяқталады.