27.08.2025 17:40

Чемпиондар лигасының жеребесі: қашан басталады, қайдан көреміз?

27.08.2025 17:40

Бейсенбі, 28 тамыз күні UEFA Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің жеребесі тартылады

Салтанатты шара Францияның Монако қаласында өтеді.

Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталатын жеребе тарту рәсімін Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Осыған дейін «Қайрат» футбол клубы турнирдің іріктеу кезеңінен мүдірмей өтіп, жалпы кезеңде ел намысын қорғау мүмкіндігіне ие болған еді.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері іріктеу барысында «Олимпия», КуПС, «Слован» және «Селтикті» қапы қалдырды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram