30.05.2026 13:29
Рейндерс «Атлетикоға» ауысуы мүмкін
30.05.2026 13:29
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Тиджани Рейндерс «Атлетикоға» ауысуы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, ол жазда «Манчестер Ситиден» кетеді. Ал Daily mail ұсынған мәліметке сенсек, Рейндерске «Атлетико» қызығушылық танытуда және келіссөз басталып кетіпті. Одан бөлек оған көз тіккендердің қатарында «Реал», «Арсенал», «Ювентус» және «Галатасарай» бар екен.
27 жастағы Нидерланд құрамасының ойыншысы «қалалықтар» сапына өткен жазда «Миланнан» 54,9 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 47 матчта жеті гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді және Әлем чемпионатына барады.