22.02.2026 00:32

«Реал» жеңіліс тапты

22.02.2026 00:32

Испания Ла Лигасының 25-турында «Реал» сырт алаңда «Осасунаға» есе жіберді

Памплонада өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Анте Будимир (пенальтиден) мен Рауль де Харо мергендік танытты. Ал «Реалдың» жалғыз голын Винисиус Жуниор соқты.

Осылайша еншісінде 60-ұпайы бар Мадридтің клубы турнир кестесінде әзірге көш басында тұр. Ертең «Барселона» «Левантені» жеңсе «Реалды» бірінші сатыдан ығыстырып тастайды.

Альваро Арбелоаның шәкірттері келесі турда 2 наурыз күні «Хетафені» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram