01.12.2025 03:11
«Реал» ұпай жоғалтты
01.12.2025 03:11
Испания Ла Лигасының 14-турында «Реал» сырт алаңда «Жиронамен» тең түсті

Жиронада өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Мадрид клубының жалғыз голын 67-минутта Килиан Мбаппе пенальтиден соқты.
Осылайша 33-ұпайын еншілеген «бланкос» турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Ал көшті 34 ұпайы бар «Барселона» бастап келеді.
Хаби Алонсоның шәкірттері келесі турда 3 желтоқсан күні «Атлетикке» қонаққа барады.