01.12.2025 01:31
«Челси» бұл жолы да жеңе алмады
01.12.2025 01:31
«Челси» 2021 жылдан бері «Арсеналды» жеңе алмай келеді

«Челси» лондон дербиінде «Арсеналды» тағы да жеңе алмады. АПЛ-дың 13-турында Энцо Мареска жаттықтыратын команда Микель Артета шәкірттерімен 1:1 есебімен тең түсті.
Бұл нәтижеге сәйкес, «көктер» 2021 жылғы тамыздан бері «канонирлерді» бірде-бір рет жеңбеген. Осы кезең ішінде қарсыластар Премьер-лигада 8 матч өткізген: оның бесеуі «Челсидің» жеңілісімен, ал үшеуі тең нәтижемен аяқталған.