30.11.2025 22:49
«Милан» керемет нәтиже көрсетті
30.11.2025 22:49
«Миланның» ағымдағы маусымда 15 матчта 1 ғана жеңілісі бар

«Милан» өз алаңында Серия А-ның 13-турында «Лационы» 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды Леау ойынның 51-минутында соқты.
«Милан» үшін бұл матч ағымдағы маусымда 15-ші кездесу болды. Жалпы нәтиже 10 жеңіс, 4 тең ойын және 1 жеңіліс.
Массимилиано Аллегридің шәкірттерінің келесі қарсыласы - тағы да «Лацио». Бірақ бұл жолы кубок үшін бақ сынасады. Ойын 4 желтоқсанда өтеді.