30.11.2025 21:20

«Интер» сенімді жеңіске жетті

30.11.2025 21:20

Италия А Сериясының 13-турында «Интер» сырт алаңда «Пизаны» 2:0 есебімен жеңіске жетті

«Арена Гарибальди» стадионында өткен кездесуде Лаутаро Мартинес дубль жасады.

Осылайша 27-ұпайына қол жеткізген «нерадзурри» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Кристиан Кивудың шәкірттері келесі турда 6 желтоқсан күні «Комоны» қабылдайды. Ал одан үш күн бұрын Ел Кубогында «Венециямен» кездеседі.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram