30.11.2025 20:56

«Ливерпуль» көптен күткен жеңіске жетті

30.11.2025 20:56

Ағылшын Премьер-лигасының 13-турында «Ливерпуль» сырт алаңда «Вест Хэмнен» басым түсті

Лондонда өткен кездесуде «қызылдар» 2:0 есебімен жеңіске жетті. Матч барысында Александер Исак мен Колин Гакпо мергендігімен көзге түсті. Сондай-ақ 84-минутта Лукас Пакета екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылып кетті.

Осылайша «Ливерпуль» үш матчқа жалғасқан сүреңсіз сериясына нүкте қойды. Бұған дейін Мерсисайдтың клубы ПСВ (1:4), «Ноттингем Форест» (0:3) және «Манчестер Ситиге» (0:3) ойсырай жеңілген.

21-ұпайын еншілеген «Ливерпуль» live турнир кестесінде сегізінші сатыға көтерілді. Арне Слоттың шәкірттері келесі турда 3 желтоқсан күні «Сандерлендті» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram