30.11.2025 20:11
Бруно Фернандеш ерледі
30.11.2025 20:11
Бруну Фернандеш «МЮ» командасының үздік нәтижелі пас берушілер тізімінде 4-орынға көтерілді

«Манчестер Юнайтедтің» орталық жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш АПЛ-дің 13-туры аясында «Кристал Пэласқа» қарсы сырт алаңдағы матчта (2:1) екі нәтижелі паспен көзге түсті.
Осы көрсеткіштің арқасында футболшы АПЛ-дегі «қызыл сойқандардың» үздік ассистенттері тізімінде 4-орынға көтеріліп, Пол Скоулзды басып озды. Брунода - 56, Скоулзда - 55.
Одан көп голдық пас бергендер тек Райан Гиггз (162), Уэйн Руни (93) және Дэвид Бекхэм (80).