30.11.2025 21:04

Исак алғашқы голын соқты

30.11.2025 21:04

Исак АПЛ-да «Ливерпуль» сапындағы алғашқы голын соқты

«Ливерпуль» шабуылшысы Александр Исак АПЛ-дың 13-турындағы «Вест Хэмге» қарсы матчта есепті ашты. 26 жастағы швед шабуылшысы кездесудің 60-минутында гол соқты. Оған нәтижелі пасты «Ливерпуль» ойыншысы Коди Гакпо жасады.

Исак үшін бұл гол «мерсисайдтықтар» сапындағы алғашқысы болып отыр. АПЛ-дағы дебюттік гол. «Вест Хэмге» қарсы ойын шабуылшының «Ливерпуль» сапындағы 6-матчы болды. Ол «Ньюкаслдан» 2025 жылдың қыркүйегінде 145 млн еуроға ауысқан еді.

Оған дейінгі 5 матчта Исак бір нәтижелі паспен көзге түскен. Ол «Челсиге» қарсы ойында нәтижелі әрекетімен көзге түскен еді (1:2). Жалпы барлық турнирлерде шабуылшы 11 матч өткізіп, 2 гол және 1 ассист тіркеді.

Ал «Ливерпуль» сапындағы алғашқы голын швед футболшысы қыркүйекте Англия лига кубогында «Саутгемптонға» қарсы ойында соққан болатын (2:1).

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram