05.04.2026 16:12
«Реал» ойыншысын ПСЖ-ға сатуға дайын
05.04.2026 16:12
«Реал» жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга мансабын отанында жалғауы мүмкін

Sky Sports хабарлауынша, оған Париждің клубы көз тігіп отыр. ПСЖ Эдуардоны жазғы трансфер кезеңінде қатарға қосуды көздейді. Ал «Реал» ойыншысын сатуға дайын.
Осыған дейін Fichajes порталы «бланкос» Камавинганы 50 миллион еуроға бағалап отырғанын хабарлаған еді.
23 жастағы француз ойыншысы осы маусымда 35 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.