05.04.2026 14:07

Де Йонгтың қашан оралатыны белгілі болды

05.04.2026 14:07

«Барселона» жартылай қорғаушысы Френки де Йонгтың жағдайы белгілі болды

28 жастағы Нидерланд құрамасының ойыншысы бұлшық етін жарақаттап алып, ақпан айының соңынан бері ойнамаған еді.

Que T'hi Jugues хабарлауынша, ол 11 сәуір күніне жоспарланған Ла Лиганың 31-турындағы «Эспаньолға» қарсы матчқа дайын болады. Бірақ оны бас бапкер Ханс-Дитер Флик бұл матчқа шығару-шығармауы нақты белгісіз.

Де Йонг осы маусымда 31 матчта бір гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram