05.04.2026 12:11
«Алтын доптан» басты үміткерлер белгілі болды
05.04.2026 12:11
The Athletic басылымы 2026 жылғы «Алтын доптан» басты үміткер ойыншыларды атады

Рейтингтің көшін «Бавария» шабуылшысы Харри Кейн бастады. Екінші орынға «Реал» сайыпқыраны Килиан Мбаппе жайғасса, үздік үштікті «Барселона» вингері Ламин Ямаль түйіндеді.
Топ-10 мынадай:
Харри Кейн («Бавария»)
Килиан Мбаппе («Реал»)
Ламин Ямаль («Барселона»)
Деклан Райс («Арсенал»)
Витинья (ПСЖ)
Майкл Олисе («Бавария»)
Педри («Барселона»)
Осман Дембеле (ПСЖ)
Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»)
Винисиус Жуниор («Реал»).
Былтыр жүлдені ПСЖ дүлдүлі Осман Дембеле иеленген еді.