02.12.2025 20:34

«Реал» ойыншысы қатардан шықты

02.12.2025 20:34

Ферлан Менди кемінде үш аптаға жарақатына байланысты алаңнан тыс қалды

«Реал» клубының сол жақ қорғаушысы Ферлан Менди жарақат алды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

«Реал» медициналық қызметі жүргізген тексерістен кейін оның оң аяғының екі басты бұлшықетінде бұлшықет жарақаты анықталды.

Фабрицио Романоның мәліметінше, ол кемінде үш аптаға ойыннан тыс қалады. 30 жастағы француз футболшысы осы маусымда 1 матч қана ойнады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram