02.12.2025 20:28

Мак Алисстер екі ойыншы туралы пікір білдірді

02.12.2025 20:28

Алексис Мак Аллистер: «Вирц пен Исактың өз деңгейлеріне жетуі маңызды»

«Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Алексис Мак Аллистер клубтың жаңа ойыншылары Флориан Вирц пен Александер Исактың «Вест Хэмге» (2:0) қарсы жеңістен кейінгі ойыны туралы пікір білдірді.

«Мен Исак үшін өте қуаныштымын. Ол тамаша ойыншы, бәріміз оны жақсы білеміз. Бұл мені қуантады, себебі ол бұған лайық. Флорианға да қатысты осылай айта аламын. Менің ойымша, ол өте жақсы ойын көрсетті. Исак өте тыныш. Кейде ол жалғыз жүргенді ұнатады. Оның испанша жаман сөйлемейтінін білемін, сондықтан онымен сөйлесуге тырысамын. Иә, ол үндемейтін жігіт, әрі біз оның бізде болғанына қуаныштымыз. Сондықтан олардың екеуінің де өз деңгейлеріне жетуі маңызды», - деді аргентиналық футболшы.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram