19.11.2025 09:51
«Реал» ойыншысы «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін
19.11.2025 09:51
«Реал» ойыншысы Арда Гүлер мансабын «Манчестер Ситиде» жалғастыруы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, Пеп Гвардиола түркиялық жартылай қорғаушыны өз командасында көргісі келеді.
«Қалалықтар» 22 жастағы ойыншы үшін 100 миллион еуро төлеуге дайын екен.
Гүлер осы маусымда 16 матчта үш гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Сондай-ақ қазан айында «Реалдың» үздік ойыншысы атанды.