19.11.2025 08:32
«Реал» ойыншысы жарақат алды
19.11.2025 08:32
«Реал» қорғаушысы Эдер Милитао жарақат алып қалды

27 жастағы Бразилия ойыншысы Туниске (1:1) қарсы жолдастық кездесуде бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты алдағы ойындарға қатыспауы мүмкін.
Бұл оның мансабындағы 13-жарақаты болды. Осыған дейін 588 күні емделуге кетіп, 128 матчтан тыс қалған.
Милитао Ла Лиганың осы маусымында 10 кездесуде бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.