19.11.2025 02:47
Әлем чемпионатына шыққан тағы төрт құрама белгілі болды
19.11.2025 02:47
2026 жылғы Әлем чемпионатына шыққан тағы екі құрама белгілі болды

Шотландия Данияны (4:2) сан соқтырып, тарихында тоғызыншы, ал XXI ғасырда алғаш рет мундиальға жолдама алды.
Сондай-ақ Испания Түркиямен (2:2) ұпай бөлісті. Осылайша 18-мәрте Әлем чемпионатында ойнайды.
Одан бөлек Аустрия Босния және Герцеговинамен (1:1), ал Швейцария Косовомен (1:1) өзара жеңімпазды анықтай алмады. Сөйтіп, екеуі де төрт жылдықтың басты додасына баратын болды.
Айта кетейік, ӘЧ-2026 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.