19.11.2025 01:59
Қазақстан Еуро-2026 турниріне шығуға жақындады
19.11.2025 01:59
Қазақстан U19 құрамасы Еуро-2026 бірінші іріктеу кезеңі аясында Кипрмен тең ойнады
Нидерландтың Олдензал қаласында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Біздің құраманың сапында Мансұр Бірқұрманов гол соқты.
Осылайша отандастарымыз үш ойында төрт ұпай жинап, тарихта алғаш рет топтан шықты.
Енді Кирилл Кекер шәкірттері көктемде өтетін екінші іріктеу кезеңінде Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін таласады.