19.11.2025 01:01

«Лион» Эндрикті жалға алады

19.11.2025 01:01

«Реал Мадрид» пен «Лион» арасындағы жаңа келісім

Жас талант Эндрик «Реал Мадридтен» «Лионға» жалға өтуі туралы ресми ақпарат шықты. Қос тарап келісімге келген. «Реал» арнайы шарттар мен талаптар қойған.

«Лион» клубы Эндрикті жалға алуға келісе отырып, бірнеше маңызды міндеттемелер қабылдады. Оның бастысы – Эндрик тұрақты түрде бастапқы құрамда ойнап, қажетті матчтар санын өткізуі керек. Егер ол белгіленген матчтар санын орындамаса, «Лион» «Реал Мадридке» айыппұл төлеуге міндетті болады.

Бұл шарттың жасалу себебі – «Реал Мадрид» клубы жас футболшының тұрақты түрде тәжірибе жинағанын қалайды. Сонымен қатар, Эндриктің жалақысының бір бөлігін «Реал Мадрид» төлейтін болады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram