18.11.2025 21:03

«МЮ» Тчуамениге көз тікті

18.11.2025 21:03

«Манчестер Юнайтед» Каземироның орнына жартылай қорғаушы іздеуде

Каземиро клубтан кеткен жағдайда «МЮ» тағы бір «Реал» ойыншысын қатарға қоспақ. Клубтың негізгі мақсаты - «Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы Орельен Тчуамени.

Каземироның келісімшарты жақында аяқталады. Ал келіссөздер оңайға соқпай тұр. Тчуамени Манчестер клубы үшін тамаша таңдау болып отыр. Каземироның болашағы туралы ресми ақпарат жоқ.

«Реал Мадрид» өз ойыншысынан айырылып қалғысы келмейді. Жартылай қорғаушының өзі де бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді. Тчуаменидің келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram