19.11.2025 02:41

Бельгия Әлем чемпионатына шықты

19.11.2025 02:41

Бельгия ӘЧ-2026 іріктеу турнирінің соңғы турында Лихтенштейнді 7:0 есебімен жеңді

Льеж қаласында өткен кездесуде Шарль де Кетеларе мен Жереми Доку дубль жасаса, Ханс Ванакен, Брендон Мехеле және Алексис Салемакерс бір голдан соқты.

Осылайша «қызыл сойқандар» тарихында 15-рет мундиальға жолдама алды. Бұған дейінгі үздік көрсеткіші 2018 жылы Ресейде тіркелген. Ол кезде қоланы қанағат тұтты.

Айта кетейік, ӘЧ-2026 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram