19.11.2025 08:58

Әлем чемпионатына тағы үш құрама шықты

19.11.2025 08:58

2026 жылғы Әлем чемпионатына шыққан тағы үш құрама анықталды

Атап айтсақ, Солтүстік және Орталық Америкадан – Панама, Кюрасао және Гаити төрт жылдықтың басты додасына жолдама алды.

Осылайша мундиальға баратын командалар саны 42-ге жетті. Олар: Канада, Мексика, АҚШ, Жапония, Аустралия, Иран, Аргентина, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Иордания, Жаңа Зеландия, Бразилия, Эквадор, Уругвай, Парагвай, Колумбия, Марокко, Тунис, Египет, Алжир, Гана, Кабо-Верде, Оңтүстік Африка, Қатар, Сауд Арабиясы, Англия, Кот-д'Ивуар, Сенегал, Франция, Хорватия, Португалия, Норвегия, Нидерланд, Германия, Бельгия, Аустрия, Швейцария, Испания, Шотландия, Панама, Гаити, Кюрасао.

Бұл қатарға алдағы уақытта тағы алты құрама қосылады.

Айта кетейік, АҚШ, Канада және Мексикада болатын мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Келер жылғы бәсеке 48 құрама бақ сынайтын тарихтағы алғашқы әлем чемпионаты болмақ.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram