20.05.2026 18:17

«Реал» ойыншысы «Галатасарайға» ауысуы мүмкін

20.05.2026 18:17

«Реал» жартылай қорғаушысы Эдуарду Камавинга мансабын Түркия чемпионатында жалғауы мүмкін

Ягыз Сабункоглу хабарлауынша, оған «Галатасарай» қызығушылық танытуда және Камавингаға қатысты ақпарат жинап жүр. Бірақ әлі ресми ұсыныс жасамапты. Одан бөлек оған «Ливерпуль», «Тоттенхэм» және Дортмундтың «Боруссиясы» көз тігіп отыр.

Осыған дейін Жозе Моуриньюның Эдуардоны командасында көргісі келмейтіні туралы қауесет тараған еді.

23 жастағы француз жартылай қорғаушысы Мадридтің клубына 2021 жылы «Реннен» 31 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 43 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram