20.05.2026 15:41
«Барселонадан» үш ойыншы кетуі мүмкін
20.05.2026 15:41
«Барселонадан» жазда үш ойыншы кетуі мүмкін

Маттео Мореттоның хабарлауынша, Каталонияның клубы Эктор Форт, Марк Касадо және Ферран Торресті сатуға дайын. Ал одан түскен ақшаға командаға дем бере алатын жаңа ойыншылар алмақ.
«Блауграна» мезгілінен бұрын Испанияның 29 дүркін чемпионы атанып қойған еді. Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері маусымдағы соңғы ойынын 23 мамыр күні «Валенсияға» қарсы өткізеді.