20.05.2026 12:38
Макс Доуман рекорд жаңартты
20.05.2026 12:38
«Арсенал» Ағылшын Премьер-лигасында мезгілінен бұрын чемпион атанып қойды

Осылайша «зеңбірекшілердің» англиялық жартылай қорғаушысы Макс Доуман (16 жас 139 күн) Англия чемпионы атанған ең жас ойыншы атанды. Ол 2017/18 жылғы маусымда «Манчестер Сити» дүлдүлі Фил Фоден (17 жас 350 күн) тіркеген рекордты жаңартты.
37 турдан кейін 82 ұпай жинаған Микель Артетаның шәкірттері турнир кестесінде көш басында және одан төмен түспейді. Соңғы турда Лондонның клубы 24 мамыр күні «Кристал Пэласқа» қонаққа барады.