20.05.2026 16:06

Мбаппе «Челсиге» ауысуы мүмкін

20.05.2026 16:06

«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Football365 хабарлауынша, оған «Челси» қызығушылық танытуда. Лондон клубының жаңа бас бапкері Хаби Алонсо бұрынғы шәкіртін өз командасында көргісі келеді. «Көктер» Килианның агенті әрі анасы Файза Ламаримен келіссөз жүргізіп жатыр. Алонсо «Реалды» жаттықтырған кезде Мбаппемен жақсы қарым-қатынаста болған екен.

27 жастағы француз форварды осы маусымда 43 матчта 41 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram