10.05.2026 12:30
«Реал» ойыншысы «Бешикташқа» ауысуы мүмкін
10.05.2026 12:30
«Реал» қорғаушысы Рауль Асенсио мансабын Түркияда жалғауы мүмкін

Fanatik хабарлауынша, 23 жастағы испаниялық ойыншыға «Бешикташ» қызығушылық танытуда. Ыстамбұлдың клубы ол үшін 20 миллион еуро ұсынуға дайын. Ал «бланкос» Рауль бойынша түскен ұсыныстарды қарастырып көрмек.
Асенсио – «Реал» түлегі. Ол осы маусымда 31 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.