10.09.2025 19:55

«Реал» Модричті құттықтамады

10.09.2025 19:55

Кеше, 9 қыркүйек күні Лука Модрич мерейтойлы 40 жасқа толды

Алайда, футболшының төл мерекесіне «Реал» футбол клубы ортақтаспады. Клубтың әлеуметтік желілердегі барлық ресми парақшаларын қанша ақтарсақ та, Модричке арнап жарияланған құттықтау жазбасын байқай алмадық.

«Реал» осыған дейін ақпан айында Криштиану Роналдудың туған күнін назардан тыс қалдырмаған еді.

Лука Модрич ғұмырының 13 жылын патша клубына арнады. 2012-2025 жылдар аралығында «бланкос» намысын жалпы 597 матчта қорғап, 43 гол соғып, 95 нәтижелі пас берді. Командамен бірге Испанияның төрт дүркін чемпионы атанып, алты мәрте Чемпиондар лигасында топ жарды. «Реал» сапында 2018 жылы мансабындағы ең басты жүлдесі «Алтын допты» жеңіп алды.

Хорватиялық жартылай қорғаушы биыл жазда «Реалдан» еркін агент ретінде кетіп, «Милан» сапын толықтырды. Осы аралықта «россонери» сапында үш ресми матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram