12.03.2026 02:58

«Реал» «Манчестер Ситиді» ойсырата жеңді

12.03.2026 02:58

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы матчында «Реал» өз алаңында «Манчестер Ситиді» тізе бүктірді

«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен кездесуде 3:0 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Федерико Вальверде 20, 27 және 42-минутта гол соқты. Сондай-ақ 58-минутта Винисиус Жуниор пенальтиден мүлт кетті.

Қос клуб арасындағы қарымта кездесу 17 наурыз күні Манчестердегі «Этихад» стадионында өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram