31.08.2025 02:31
«Реал» кезекті жеңісіне қол жеткізді
31.08.2025 02:31
Мадридтік «Реал» Ла Лиганың 3-туры аясында өз алаңында «Мальоркадан» басым түсті
«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен кездесуде алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Ойындағы алғашқы голды Ведат Мурики 18-минутта соқты. Алайда, «Реал» үзіліске жеңімпаз команда ретінде аттанды. 37-минутта Арда Гүлер қақпа саңылауын тапса, араға бір минут салып, Винисиус Жуниор есепті еселеді. Ал ойынның екінші кезеңінде гол көрмедік.
Сондай-ақ, Мбаппенің қос голы офсайд деп танылса, Гүлердің соққан добы кезінде қолмен ойын болғаны дәлелденді.
Осылайша, үш турдың қорытындысында тоғыз ұпай еншілеген «бланкос» турнирлік кестенің көшін бастады.
Хаби Алонсо шәкірттері келесі кездесуін 13 қыркүйек күні, «Реал Сосьедадқа» қарсы сырт алаңда өткізеді.