30.08.2025 17:01
642
«Реал» Алматыға негізгі құрамын әкеле ме?
30.08.2025 17:01
642
Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі «Қайрат» – «Реал» матчы 30 қыркүйек күні өтеді
Мадридтіктердің күнтізбесінде 28 қыркүйекке «Атлетикоға» қарсы матч жоспарланған.
Ол ойынды 27 қыркүйекке ауыстырса, «бланкос» Қазақстанға Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор сынды дүлдүлдерін әкелуі екіталай.
Ал мүлде басқа күнге шегерсе, Чемпиондар лигасының 2-туры болғандықтан, «Реалдың» негізгі құрамын көруіміз бек мүмкін.
«Қайрат» – «Реал» матчы Алматыдағы «Орталық» стадионда өтеді. Ал одан бұрын біздің жігіттер Лиссабонға шамамен 7000 шақырымды құрайтын сапарға аттанады.
Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» ірктеу кезеңінен іркілмей өтіп, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасына жолдама алды.