25.08.2025 15:01
«Реал» футболшысы мансабын Францияда жалғастыруы мүмкін
25.08.2025 15:01
«Реал» ойыншысы Дани Себальос «Марсельге» ауысуы мүмкін
Фабрицио Романоның хабарлауынша, франциялықтар испаниялық жартылай қорғаушыны маусым соңына дейін жалға алғысы келеді.
Себальос «бланкос» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 194 матч өткізіп, 7 гол мен 16 нәтижелі пастың авторы атанды. Командамен бірге Испанияның 2 дүркін чемпионы атанып, 3 мәрте Чемпиондар лигасында топ жарды.