16.04.2026 09:55

«Реал» Арбелоаның орнына бапкер іздеуді бастап кетті

16.04.2026 09:55

«Реал» бас бапкері Альваро Арбелоа клубтан кетеді

The Athletic хабарлауынша, қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды. Мадридтің клубы оның орнына бапкер іздеуді қазірден бастап кетіпті.

Үміткерлер қатарында бүгінде Юрген Клопп, Зинедин Зидан, Маурисио Почеттино және Дидье Дешам бар. Бірақ Зиданның қайтып оралуы неғайбыл, себебі ол Франция құрамасымен келісімге келіп қойды.

Арбелоа «бланкос» тізгінін қаңтар айында ұстаған еді. Содан бері команда 13 рет жеңіске жетіп, бір ойында тең түссе, жеті матчта қарсыласына жол берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram