16.04.2026 09:27
Гүлер «Реалдың» Чемпиондар лигасындағы ең жылдам голын соқты
16.04.2026 09:27
Чемпиондар лигасы 1/4 финалының қарымта матчында «Реал» сырт алаңда «Баварияға» 3:4 есебімен есе жіберді

Матчтың небәрі 35-секундында Арда Гүлер қақпашы Мануэль Нойердің қателігін пайдаланып, есеп ашты. Осылайша ол «Реалдың» Чемпиондар лигасындағы ең жылдам голын соқты.
Бұған дейінгі рекордты Гарет Бэйл 2016 жылы тіркеген. Ол кезде Уэльс өкілі топтық кезеңнің төртінші турында «Легия» қақпасының торын 57-секундта тулатқан.
21 жастағы түркиялық жартылай қорғаушы осы маусымда 49 матчта алты гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Ал «Реал» қос матчтың қорытындысы бойынша «Баварияға» 4:6 есебімен есе жіберіп, жартылай финалға шыға алмай қалды.