16.04.2026 09:09
«Бавария» – «Реал» матчында тарихи жайт тіркелді
16.04.2026 09:09
Чемпиондар лигасы 1/4 финалының қарымта матчында «Бавария» өз алаңында «Реалдан» 4:3 есебімен басым түсті

Матч бастала сала жылдам голдар соғылды. Небәрі 35-секундта Арда Гүлер есеп ашса, 6-минутта Александр Павлович таразы басын теңестірді.
Осылайша бұл турнирдің плей-офф кезеңінінің тарихында қос команда бір-біріне ең жылдам гол соққан матч болып тіркелді.
Ойын нәтижесінде Мюнхеннің клубы екі матчтың қорытындысы бойынша 6:4 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Енді Венсан Компани шәкірттері финал жолдамасын ПСЖ-мен сарапқа салады.