28.09.2025 15:30

«Реал» Алматыдағы қай қонақүйде жатады?

28.09.2025 15:30

Кеше Ла Лиганың 7-туры аясында «Атлетикодан» (2:5) жеңілген «Реал Мадрид» бірден Қазақстанға аттанады

«Бланкосты» 6400 шақырымды қамтитын 12 сағаттық сапар күтіп тұр.

Madrid Zone мәліметінше, патша клубы Алматыдағы Желтоқсан көшесінде орналасқан бесжұлдызды InterContinental Almaty қонақүйіне орналасады екен.

Еске сала кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының 2-туры аясындағы «Қайрат» – «Реал» кездесуі 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram