28.09.2025 14:22
Карвахаль қатардан шықты
28.09.2025 14:22
«Реал» ойыншысы Дани Карвахаль жарақат алды
Испаниялық қорғаушы «Атлетикоға» (2:5) қарсы ойында оң аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты алдағы төрт матчта командасына көмектесе алмайды.
Айта кетейік, Мадридтің ұжымы келесі кездесуін Чемпиондар лигасының 2-туры аясында «Қайратқа» қарсы Алматыда өткізеді.