28.09.2025 15:01

Арда Гүлерге алты клуб көз тігіп отыр

28.09.2025 15:01

«Реал» ойыншысы Арда Гүлерге алты клуб қызығушылық танытуда

Caught Offside мәліметінше, түркиялық жартылай қорғаушыны «Милан», «Арсенал», «Ньюкасл», «Лейпциг», «Тоттенхэм» және Дортмундтың «Боруссиясы» өз қатарынан көргісі келеді.

Ал «бланкос» 20 жастағы жұлдызымен қоштасқысы келмейді. Керісінше, оған үлкен үміт артып отыр.

Гүлер биылғы маусымда жалпы 14 ойынға қатысып, төрт гол мен бес нәтижелі пастың авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram