28.01.2026 23:44
Рахим Стерлинг «Челсиден» кетті
28.01.2026 23:44
Рахим Стерлинг «Челсимен» қош айтысты

Қос тарап 2027 жылға дейін жарамды болған келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды.
31 жастағы вингер Лондонның клубында 2022 жылдан бері ойнаған еді. Осы аралықта 81 матчта 19 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.
Ал осы маусымда ол бірде-бір матчқа шықпады. Ол былтыр «Арсеналда» жалда ойнап, 28 матчта бір гол мен бес ассисттің авторы атанды.