28.01.2026 18:20

Пакета «Фламенгоға» ауысады

28.01.2026 18:20

Лукас Пакета «Фламенго» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «қызыл-қаралар» 28 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушыны «Вест Хэмнен» 42 миллион еуроға сатып алады. Қос тарап бес жылға жарамды келісімшартқа қол қояды. Лукас бүгін кешке жолға шығады екен.

Осылайша Пакета Бразилия чемпионатына келіп қосылған ең қымбат ойыншы болмақ. Бұған дейінгі рекорд «Зениттен» «Крузейроға» 30 миллион еуроға ауысқан Жерсонға тиесілі еді.

Пакета осы маусымда 19 матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram