28.01.2026 19:59
Ла Лиганың үздік бапкері белгілі болды
28.01.2026 19:59
«Реал Сосьедадтың» жаңа тәлмігері Пеллегрино Матараццо Ла Лиганың қаңтардағы үздік бапкері атанды

Оның тұсындағы команда осы айда «Барселонаны» (2:1), «Сельтаны» (3:1), «Хетафені» (2:1) жеңіп, «Атлетикомен» (1:1) тең түсті.
Осылайша 48 жастағы АҚШ маманы дауыс беру нәтижесінде Мичел («Жирона») мен Клаудио Хиральдесті («Сельта») артқа тастады.
21 турдан кейін 27 ұпай жинаған «Реал Сосьедад» турнир кестесінде сегізінші орында келеді.