05.09.2025 08:39
Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы ірі есеппен жеңіске жетті
05.09.2025 08:39
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Бельгия Лихтенштейнді ойсырата жеңді
Лихтенштейнде өткен кездесуде 0:6 есебі тіркелді.
«Қызыл сойқандар» сапында Юри Тилеманс дубль жасаса, Максим де Куйпер, Артур Теате, Кевин де Брюйне және Мәлік Теате бір мәрте мергендік танытты.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі ойынын дәл осы Бельгияға қарсы сырт алаңда өткізеді. Аталған кездесу 7 қыркүйекке жоспарланған.