22.01.2026 01:03
«Қарабах» «Айнтрахтты» тізе бүктірді
22.01.2026 01:03
Чемпиондар лигасының 7-турында «Қарабах» өз алаңында «Айнтрахтты» сан соқтырды

Бакуде өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Жеңіс голын 90+4-минутта Бахлул Мұстафазада соқты.
Осылайша Әзербайжанның клубы 10-ұпайына қол жеткізіп, турнир кестесінде 17-орынға жайғасты.
Келесі турда команда 28 қаңтар күні «Ливерпульге» қонаққа барады.