22.01.2026 00:46

«Атлетико» мен «Галатасарай» тең ойнады

22.01.2026 00:46

Чемпиондар лигасының 7-турында «Атлетико» сырт алаңда «Галатасарайды» жеңе алмады

Ыстамбұлда өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Матчтың төртінші минутында «Атлетико» ойыншысы Джулиано Симеоне есеп ашқан еді. Алайда 20-минутта Маркос Льоренте өз қақпасына гол соғып алды.

Осылайша 13-ұпайын еншілеген Мадридтің клубы турнир кестесінде сегізінші сатыға жайғасты.

Диего Симеоненің шәкірттері келесі турда 28 қаңтар күні «Будё/Глимтті» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram