21.01.2026 21:50
Джеко Германияның клубына ауысады
21.01.2026 21:50
Эдин Джеко «Фиорентинадан» «Шалькеге» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келісімге келді. Эдин осы аптада Германияға жол тартады екен.
Айта кетейік, 39 жастағы босниялық шабуылшы осы маусымда 18 матчта екі гол соқты. Ал «Шальке» 18 турдан кейін 38 ұпай жинап, Екінші Бундеслигада көш бастап тұр.